Маусым айынан бастап сақтандыру қорына жалақының бір пайызы аударыла бастайды

Маусым айынан бастап  сақтандыру қорына жалақының бір пайызы аударыла бастайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру талабына бағынбай,  қол астындағы қызметкерлерінің атына ақша аудармаған кәсіпорын басшыларына салынар айыппұл қомақты. Маусым айынан бастап  сақтандыру қорына жалақының бір пайызы аударыла бастайды."Барахолка" аталып кеткен  базардағы кәсіпкерлерге игі бастаманың жалпақ жұрт үшін тигізер пайдасы түсіндірілді. Осы саладағы майталман мамандардың айтуынша, алдымен жұмыс беруші жалақының бір пайызын, түрлі компаниялардағы жалдамалы жұмыскерлер тек 2 жарым жылдан соң ғана еңбекақының 1 пайызын қорға аударады. Сақтандыру қорында кемінде 16 мың теңге жатуы тиіс. Сәйкесінше, осы сақтандыру полисі арқылы тұрғын өзі таңдаған емханаға барып, медициналық қызметтерді тегін пайдалана алады.

«Жаңа жобаларды енгізгенде халық түсінбей жатады кейде. Ажотаж болып жатады. Сондай болмас үшін,  шу шығармас үшін мына жоба халыққа не келтіреді, пайдасы қандай? Егерде  сақтандыру полисін алмасаңыздар қандай  медициналық қызметтер көрсетілмейді. 2018 жылы келіп, неғып маған қызмет көрсетілмейді демеу үшін қаланың барлық жерінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз»,- деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, Санжар ТОҒАЕВ. 

Ең бастысы, қыруар қаржыңызды жекеменшік клиникаларға бермейсіз. Жарна төлеп отырсаңыз болды. Бірақ, жедел жәрдем шақыру, тубуркулез, СПИД сынды өзге де аурумен ауыратындарға сақтандыру полисінсіз-ақ тегін қызмет көрсетіледі.  Ал қорға салатын қаражаты жоқ жандарға мемлекет ақша төлейді. Бірақ, жұмыссыздар болса, халыққа қызмет көрсету орындарына барып тіркелуі тиіс. Батыр ана, соғыс ардагерлері, мүгедектер, бала күтіміндегі аналар, зейнеткерлер секілді 12 санаттағы азаматтар міндетті төлемнен босатылады. Яғни, елдегі 17 миллион халықтың он миллионнан  астамының сақтандыру қаржысын мемлекет көтермек. 

Новости партнеров