Атырауда лифт шахтасына екі жасөспірім құлап, қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырау қаласында лифт шахтасына екі жасөспірім құлап, біреуі оқиға орнында, екіншісі аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Оқиға кеше кешкісін сағат 21:00 шамасында болған. Облыс орталығындағы «Алмагүл» ықшам ауданының 19-шы үйінде істен шыққан жедел сатының есігін екі жасөспірім ашып, 15-қабаттан шахтаға құлап кеткен. Жабулы болған лифтінің ішіне балалардың неге кіргендігі белгісіз. Құзырлы органдағылар мен ведомство өкілдерінен оқиғаға қатысты сұрағанда олар оқиғадан хабарсыз болып шықты.
«Атыраудағы қайғылы жайт бойынша тергеу жұмыстары басталып кетті. Толығырақ Инвестиция және даму министрлігі мен өнеркәсіп қауіпсіздігі өкілдері жауап бере аласыздар», - деді ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий ИЛЬИН.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33