Универсиада кезінде Алматыға 32 мың шетел азаматы келді

Универсиада кезінде Алматыға 32 мың шетел азаматы келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Универсиада кезінде Алматыға 32 мың шетел азаматы келді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52 пайызға артық. Мұндай мәліметті еліміздің Ішкі Істер Министрлігі мәлім етті. Дегенмен, ведомство өкілдері шетелдік және ішкі туристердің нақты саны жайлы толыққанды ақпаратты дода біткен соң, яғни 10-шы ақпаннан кейін жария етпек. Ал, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің ақпарынша, Универсиада басталғалы Алматыға 14 мыңға жуық шетелдік турист ат басын тірепті. Олардың 80 пайызы жарыстарды көру үшін арнайы келген. Америка Құрама штаттарынан байрақты бәсеге қатысу үшін келген спортшылар Универсиада ойындарының өткізілу деңгейі мен Алматыдан алған әсерлері жайлы арнайы баспасөз конференцияда баяндады.


«Алматы өте үлкен қала екен. Біз шаһардың бірнеше жерін аралап көріп, тәнті болдық. Әсіресе, әсем таулары тәнті етті. Бұдан бөлек, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, көптеген өзімізге таңсық дүниелермен таныстық. Алған әсеріміз ерекше. Алматының көк базарына да барып көрдік. Жергілікті жемістерді сатып алдым. Байқағаным, бұл жақта тұрғындар етті көп тұтынады екен. Жалпы, Универсиадаға қатысқаныма өте қуаныштымын», - деді шаңғы жарысы спортынан АҚШ құрамасының мүшесі Сиера ДЖЕК.


Америкалық спортшылар Универсиада ойындарының ашылу салтанатынан бастап, жарыстардың ұйымдастырылуы да жоғары деңгейде екенін алға тартты. Сондай-ақ АҚШ делегаттары сайыстар өтіп жатқан спорт кешендеріне тәнті болғанын жеткізді. Әсіресе, Медеу мұз айдынын әлемде теңдесі жоқ көрікті орынға теңеді.



Новости партнеров