Астанада жуырда қос бірдей автобекет ашылмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада жуырда қос бірдей автобекет ашылмақ. Маңызды нысандар еліміздің әр аймағынан ЭКСПО көрмесін тамашалауға келетін меймандардың ыңғайлылығы үшін салынған. Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдың айтуынша, халықаралық шара кезінде Астанаға тәулігіне шамамен 400-ге жуық автобус қатынайды. Онда орта есеппен 5 мыңдай адам болады. Жаңадан тұрғызылған «Алай» және «Кең март» автобекеттері биыл 1 маусымда қолданысқа берілмек.                

«Қазіргі таңда автотасымалдарды ұйымдастыру процесін жедел реттеу мақсатында еліміздің көлік комитеті мемлекеттік нөмірлері, иелері, сыйымдылығы және шығарылған жылы көрсетілген автобустар тізімін жасап жатыр. Жаңа бағыттағы автобустар биыл қолданысқа берілетін автобекеттерге келіп тоқтайды», - деді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман СКЛЯР.

Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне еліміздің әр өңірнен жалпы саны 2 млн-ға жуық адам келеді деп күтілуде. Олардың дені -  Елордаға темір жол көлігімен қатынайды. Шамамен 161 мың адам әуе көлігін таңдайды. Қалғандары автобустармен, яки өздерінің жеке көліктерімен келеді.


Новости партнеров