Астанада Ақорда қақпасына соғылған полицей қызметінен қуылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астанада Ақорда қақпасына соғылған полицей қызметінен қуылды. Қымбат көлік мінген тәртіп сақшысы тізгінге ие бола алмай, бағаналы бас орданың қақпасына барып жаншылған. Әзірге, "Порше Кайен" иесінің сау яки мас болғаны анықталған жоқ. Ішкі істер департаментінің өкілдері «көлік апатына көктайғақ себеп болуы мүмкін», - дейді. Апат кезінде зардап шеккендер жоқ. Тек қымбат джиптің алдыңғы бөлігіне зақым келген. Ақорданың дуалы да біршама бүлініпті. Осы оқиғадан кейін рөлде отырған жол полициясының аға лейтенанты Ербол Иманбеков жұмысынан бірден аластатылды. Сондай-ақ, взвод командирі әрі айыптының бастығы болған Ғалымжан Жұмахметов те қызметімен қош айтысты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
11.10.2026 11:30
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
11.10.2026 17:34