|
24.04.2018 | 11:23
8888

Астанада балалар кітапханасы ашылды

Астанада балалар кітапханасы ашылды

Астанада балалар кітапханасы ашылды. Ұлттық академиялық кітапхана осылайша Дүниежүзілік кітап күнін атап өтті. Елорданың сол жағалауындағы орталық 5 пен 15 жас аралығындағы оқырмандарға арналған. Отандық және шетел әдебиеті мен көркем шығармалар, газет-журналдар мен электронды оқулықтар жинақталған білім ошағында арнайы тіркелудің де қажеті жоқ.

«Ұлттық академиялық кітапханасының жанында балалар кітапханасын ашу идеясы баяғыдан болған. Өйткені бұған дейін қалада тек бір жерде ғана кішкентай оқырмандарға арналған орын болған еді. Енді білім қуған, оқуға құштар балақайлар емін-еркін келе алады. 10 мыңнан аса кітап пен түрлі құжаттар бар ортада олардың әрқайсысы керегін тауып оқи алады», - деді ҚР Ұлттық академиясы кітапхана құрылымындағы сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының жетекшісі  Әлия ҚОЖАБЕКОВА.

Мерекелік шараның көркін әнші-бишілерден бөлек, Токионың орталық кітапханасының жас оқырмандарға арналған ерекше сыйы қыздырды. Біздің елдегі Жапонияның елшісі 100-ден аса түрлі жанрдағы жапон жазушыларының туындысын кітапхана қорына табыстады.

«Біз қазақ-жапон қарым-қатынасын қатты бағалаймыз. Бүгінгі балалар кітапханасына біздің жазушылардың түрлі жанрдағы 105 кітапбін сыйға тарттық. Кітаптарда жапон елінің мәдениеті, болмысы, тағдыры мен тарихы топтастырылған. Оның үстіне, сіздердің Ұлттық кітапхана мен Токионың қалалық-орталық кітапханасы арасында сан жылдар бойы әріптестік орнатылған. Соның бір белгісі ретінде осындай  шараларды көптеп өткізсек деген ұсыныс бар», - деді Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Итиро КАВАБАТА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир