Астанада Исабековты жарақаттаған жігіт қамауға алынды

Астанада Исабековты жарақаттаған жігіт қамауға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанадағы сауда орталығы маңында 33-жастағы Бауыржан Исабековты жарақаттаған азаматты Алматы аудандық соты екі ай мерзімге қамауға алды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады. Ал, жансақтау бөлімінде жатқан зардап шеккен жігіттің туыстары оның халі ауыр екенін айтуда. Бір-екі күн бұрын өзіне келіп, қайтадан есінен айырылғандығын айтады. Қазір екіншіге аяғы ауыр зайыбы да қатты қобалжығандықтан 7 айлық баласымен ауруханада, дәрігерлер қарауында екен. Ағайын-туыстары ел арасындағы - «суық қару қолданды», «ащы су ішкен» деген жалған ақпаратты жоққа шығарып, бейнероликті өзара таратпауын сұрады. Жәбір көрсеткен тарап Бауыржан Исабековтың ем-домына барлық жағдай жасайтындығын білдіргендігін қоса кеткен жөн.  

«Менің ағам «Гүлжаннан» шыққан. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мәлімдегендей, банктен емес, дүкеннен. Ағам шыққан кезде, ұрған азамат дүкенге енді кіріп бара жатқан. Сөзге келіп қалып, соңы осындай жағдайға әкелді», - деді   Б.Исабековтың қарындасы¤ Наргиз АХМЕТОВА.

Еске салайын, 26 -қазанда әлеуметтік желіде Астана көшесінде түсірілген әуесқой түсірілім жарияланды. Жүргіншілер қансыраған жігітке көмектеспекке ұмтылған. Шұғыл дәрігерлік көмекті қажет еткен азамат Бауыржан Исабеков екені кейін мәлім болды. Сондай-ақ, бейнежазбада құлап жатқан жігітіті демегенсіп, оның қалтасына қолын сүңгіткен белгісіз жүргінші де бейнеленген. Әзірше ол нені ұрланғандығы, азаматтың кім екендігі анықталып жатыр.

 

Новости партнеров