Астанадағы Сирия келіссөздері жалғасын таппақ

Астанадағы Сирия келіссөздері жалғасын таппақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанадағы Сирия келіссөздері жалғасын таппақшы. Бұл жолы Ресей тарапы елордаға АҚШ өкілдерін шақырған. Кеңеске Иран, Түркия, Иордания, Ресей және Сирия Араб Республикасының өкілдері келетінін растаған. Осы ретте көкейде заңды сұрақ туындайды. Қазақ елі үшін, ай сайын тегін алаң беру, осындай ауқымды шараны ұйымдастыру несімен пайдалы? Ұтар тұсымыз қандай? Сыртқы істер министрінің айтуынша, біз шетелдіктердің жолына, қонақүйінде өзге де шығындарын мойнымызға алмаймыз. Тек көлік пен тамақтану жағын қамтамасыз етеміз. Өз кезегінде қазақ жеріндегі қол жеткізілген әрбір жетістік тарихқа алтын әріптермен жазылуы бек мүмкін.

«Мұндай бап әлемнің барлық елдерінің бюджетінде бар. Біз олардың жолына төлемейміз. Біз тек келіссөз алаңын, көлік пен тамақтандыру жағын көтереміз. Ал қонақ үй немесе басқа жерде тұру шығыны делегациялардың өз мойнында»,- деді ҚР сыртқы істер министрі, Қайрат ӘБДІРАХМАНОВ.

 


Новости партнеров