Қала әкімі Бауыржан Байбек Әбілхан Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық көркемдеу мектебінде болды. Қала басшысының тарихи мәдени орынға баруы тегін емес. Себебі, мұнда ұлттық өнерге деген құлшынысы бар талантты жастар келеді. Алматы біріншіден мәдени-шығармашылық жете дамыған қала. Екіншіден көркемдеу мектепте ұлттық өнер мен рухани азық бар. Сондай-ақ, болашақ жастарға сапалы білім беретін ерекше орда
«Анимация симуляция, сурет салудағы бағдарламалар бұл болашақтың мамандықтар. Бүгінде Украина, Беларуста да әрі Қазақстанда да бар. Ондағы мамандар 3 пен 5 мың доллар аралығында айлық алады. Олар сурет салады, компютердегі шынайлықұты шындыққа айналдырады»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.¤
Бүгінде мемлекет саясаты бойынша жүріп жатқан жекешелендіру бағдарламасына сәйкес білім ордасын жекешелендіру жоспарланып отыр. Себебі, заман талабына сай кез-келген мекеме дамудың жаңа жолына түседі. Егер солай болған жағдайда еңбекақы көбейеді әрі білім сапасы артпақ. Қазір мектепті мемлекет қаржыландырып отыр. Сондықтан балалардың 40 пайызы тегін білім алып жатыр. Қала басшысының айтуынша қосымша сабақтар ақылы түрде өту керек. Ал, мемлекет нағыз өз саласын таңдаған талантты жастарды қолдау керек.