Бауыржан Байбек медицина мамандарын Астананың 20 жылдығы медалімен марапаттады

Бауыржан Байбек медицина мамандарын Астананың 20 жылдығы медалімен марапаттады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы екі жылда Алматы ауруханаларын қаржыландыру 60 пайызға артқан. Нөмірі 4-ші клиникалық аурухананың  жұмысымен танысқан қала әкімі Бауыржан Байбек осыны мәлімдеді. Қала әкімі ем іздеп келген тұрғындармен де тілдесіп, ақ халаттыларға диагнозды барынша уақтылы әрі дәл анықтауды тапсырды. Іс-сапардан соң салтанатты шараға қатысқан қала жетекшісі Елбасының жарлығымен  білікті дәрігерлерге төсбелгілер табыстады.    

Көп салалы медициналық қызмет көрсетін №4 клиникалық  аурухана шұғыл ота жасау жағынан жұртқа танымал. Халыққа қауырт қызмет көрсетуден босамайтын қабылдау бөлімінде Emergency room, яғни Шұғыл қызмет бөлмесі ашылды. Жаңа жоба қабылдау бөліміне түскен барлық науқастарды білікті дәрігерлердің бір сәтте көріп, қарауына мүмкіндік береді.

Аурухана «көпсалалы сараптама» әдісі, «науқастарды бригадалық басқару»,  «бір терезе» ережелері сынды жаңаша ұстанымдар арқылы жұмыс істейді. Орталықтандырылған оттегі жеткізілімімен 3 төсекке арналған жансақтау камерасы мобилді жабдықпен жабдықталған.

Өзгенің өміріне арашашы, қиналғанның қасынан табылатын жанашыр жанның бірі  Тоғжан Сағынышқызы. Қол астындағы үш жүздей маман жұмыс істейтін нөмірі 2-ші  қалалық емхананың басшысына аудандағы 65 мыңнан астам адамға тұрақты қызмет көрсету міндеттелген. Білікті дәрігерге қала әкімі Елбасының жарлығымен  шыққан «Астананың 20 жылдығы» төсбелгісін табыстады.  

«Астананың 20 жылдық медалімен марапатталып жатырмын. Ол мен үшін үлкен дәреже, сый. Мінеки еліміз көркейіп жатыр. Біздер дәрігерлер сол тек халыққа еңбек етіп, сол халықтың тек қана денсаулығы жақсы болса екен дейміз. Біздің халқымыздың сана сезімі өте жоғары. Осыдан енді 15 жыл бұрын асқынған түрінде келіп жатса, ал енді қазіргі жағдайда халық өзі келеді», – деді Алматы қаласы №2 қалалық емхананың бас дәрігері Тоғжан ЕСБЕРГЕНОВА.  

Алматы қаласында 25 мыңнан астам дәрігер жұмыс істейді. Медицина мамандарын мемлекеттік медальдармен марапаттаған қала басшысы дәрігерлерге ауырған жанның диагнозын дәл табу маңызды екенін, жаны жабырқаңқы жанды жылы сөзбен қарсы алуды қаперге салды.

«Адам бір жаңашылдық әкелем  десе, өзгертем  десе  көпшілік оны кейбір кезде түсінбейді. Бірақ сіздер сияқты адам қызметке келсе, мысалы операцияның өзінде жауапкершілік алу керек. Мүмкіндігінше енді жылы сөзбен қарсы алып, адамға олда дәрі ғой кейбір жылы сөз. Жұмыстарыңыз сол себептен өте қиын. Өздеріңізге денсаулық тілеймін. Табыс тілеймін», - деді Алматы қаласының әкімі  Бауыржан БАЙБЕК.  

Алматы ғылым ордасы болғандықтан, елдің әр өңірінен емделуге келген халық қашанда көп. Тек соңғы уақытта екі мыңнан астам шетелдік шипа іздеп келген. Медициналық мүмкіндікті жақсарту мақсатында тек қала бюджетінен тағы 95 миллиард теңге бөлінбек.

Әмірболат Құсайынұлы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров