Алматы мен Санто-Доминго болашақта бауырлас қалаларға айналады

Алматы мен Санто-Доминго болашақта бауырлас қалаларға айналады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы мен Санто-Доминго болашақта бауырлас қалаларға айналады. Бұл туралы шаһар әкімі Бауыржан Байбекпен жүздескен Доминикан Республикасының Сыртқы істер министрі Мигель Варгас мәлімдеді. Шетелдік делегация  Алматыға алғаш рет келіп отыр. Олар қаланың сәулетіне, оның экономикалық әлеуетіне тәнті болған. Тараптар кездесуінде екі ел арасындағы өзара байланыстың одан әрмен дамитыны белгілі болды. Әсіресе, мәдениет саласында тығыз қарым-қатынас орнамақ.

«Алматы қаржылық өңір орталығы, жеке капитал және сауда қаласы ретінде танымал, біздің делегация құрамында банкирлер, өндірісшілер бар, нақтылы инвестициялық жобалар туралы талқылауға мүмкіндік жеткілікті»,- деді Доминикан Республикасының Сыртқы істер министрі, Мигель ВАРГАС.

Кездесу соңында, шетелдік делегация Астанада ЭКСПО халықаралық көрмесіне қатысатындықтарын айтты. Кейін, оларға Алатау ауданындағы индустриалды аймақтың, «Инновациялық технологиялар паркі» мен инвесторларға бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсететін Орталықтың әлеуеті көрсетілді. ****



Новости партнеров