Алматыда ескі үйлер сүріліп, орнына жаңа баспаналар тұрғызылады

Алматыда ескі үйлер сүріліп, орнына жаңа баспаналар тұрғызылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Он мың алматылық жаңа баспанаға көшеді. Қазір қалада ескі үйлер сүріліп, орнына су жаңа зәулім баспаналар тұрғызылып жатыр. Оған қоса 30 мың пәтер қолжетімді бағада әрі бала-бақша, мектеп, емхана сынды  әлеуметтік маңызы бар нысандарымен бірге қолданысқа беріледі. Ол үшін 400 миллиард теңге инвестиция тартылып, 70 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.  2017-2024 жылдарға бағытталған ескі үйлерді сүру бағдарламасы бойынша мыңнан астам тұрғын үй ғимараты салынады. Қала әкімі Бауыржан Байбек тапсырманың тыңғылықты орындалуын қадап айтты.

«Негізгі мақсат-бағаны түсіру, үйлерді жаңарту,жұмыс орындарын ашу, инвестицияны тарту. Елбасының негізгі мақсаты-тапсырма берді ғой, тек қана «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қаражатына салсақ ол дұрыс емес. Алматы қаласының инвестициялық әлеуеті зор ғой, сондықтан жеке компанияларды тартып,қазірдің өзінде қаншама компаниялар жұмыссыз отыр. Олар жұмыс алса, ертең олар жалақы төлейді, жұмыс жасайды, инвестиция салады. Сондықтан осы керемет жақсы бағдарлама, механизмдерін дұрыстап, тездетіп шешу керек",- Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК. 

Шаһар басшысы аталған бағдарлама аясында Жандосов көшесінің бойындағы  Сүлейменов пен Щепкин көшесінің арасында салынған үйлердің көңілінен шықпайтындығын баса айтты. Ондағы жүргіншілер жолы мен балалар және спорттық алаңдарын қайта қалпына келтіруді тапсырды.


Новости партнеров