Алматыда Жаңа жыл күні пиротехникадан 24 адам жарақат алды

Алматыда Жаңа жыл күні  пиротехникадан 24 адам жарақат алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Жаңа жылдық мереке күндері пиротехникадан 24 адам жарақат алды. Олардың  15 бала, қалғаны - ересек адамдар. Зардап шеккендердің ең жасы - 2-де болса, үлкені 44 жаста екен. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, көмекке жүгінгендердің басым бөлігі жеңіл жарақат алған. Сондықтан, олардың көбі қажетті  емді үйлерінен қабылдайды.  Ал, бір үлкен және екі жасы кішкентай бала ауруханаға жатқызылды. Олардың бірінің қолына зақым тисе, атылғыш зат екеуінің көзін аямай жарақаттапты. Дегенмен, дәрігерлер бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда аз деп отыр. Былтыр 57 адам денсаулық сақтау мекемелерінің көмегіне жүгінген.  

«Екеуінің біреуінде қолының жарылғыш зат жарылғанан күйігі, екіншісі көз алмасының күйігі байқалған. Қазіргі жағдайда, үш науқастың жағдайы жақсарған. Қалған науқастар қаралып, қабылдау бөлімінде. Жергілікті ем көрсетіліп, емдеу қолданылып, үйіне жіберілді. Біз жылда осы жарақатты санап, мониторинг жасап отырамыз. Алдыңғы жылға қарағанда бұл жылғы алған жарақаттардың ауырлығы өткен жылға қарағанда жеңілдеу», - деді  Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан ИСАБЕКОВ.

¤Заңсыз, әрі  қауіпсіздікті сақтамай-ақ пиротехникаларды сатқандарға қарсы ішкі істер департаменті  соңғы екі апта рейд өткізген еді. Осы аралықта  учаскелік полицейлер Алматыдағы  9 ірі сауда нүктелеріне  500 мың теңгеге жуық айыппұл салған. Сегіз ауданда екі апта тоқтаусыз рейд жүргізген тәртіп сақшылары жүздеген тонна пиртотехникалардың арасынан тек  4 мың тоннадан астам затты ғана заңсыз деп тауып, тәлкілеген екен.

Новости партнеров