Елімізде міндетті медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу жүріп жатыр. Алматы емханаларына 15 қыркүйектен бері 20 мыңға жуық өтініш түскен. Қорытынды санақ 15 қарашада жарияланбақ. Қаланың барлық ауданында тұрғындар арасында түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Қала бойынша кәсіпорын көп шоғырланған Алмалы ауданы әкімдігі қызметкерлері тұрғындарды өз мәртебесін анықтаудың маңыздылығы бойынша ақпараттандырды. Бүгін құрылыс жүргізіліп жатқан нысан жұмысшылары және тамақтану орны қызметкерлерімен кездесті. Одан бөлек, аудандағы 8 базарда да осындай шара ұйымдастырылмақ.
«Кішігірім 28 мыңдай ұйым бар. Қолдан келгенше барлық ұйымдарды қамтимыз деп ойлаймыз. Қазіргі таңда құрылыс жүргізіліп жатқан 22 нысан бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, адам көп шоғырланатын орындарда да түсіндіру жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді¤ Алматы қаласы алмалы ауданы әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Ғабит СЕЛЕУБАЕВ.
«Заң бірінші шілдеден бастап қабылданды. Сондықтан, жек кәсіпкерлер ақпан айының 15-не дейін екінші жартыжылдықтың есебін бергенде анықталуы мүмкін», - деді Алматы қаласы Алмалы ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Дархан АЛАШБАЕВ.
.