Қылмыс кемімей, коммуналдық мекемелер қызметін дұрыс жасамай отыр. Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров тұрғындармен кездескенде осылай деп мәлімдеді. Есептік кездесуде тұрғындар шағымының көптігіне ашуланған әкім, ақталмақ болған басшыларды тыйып тастады. Учаскелік полицейлер қылмысты ашқанның орнына тек болған оқиғаны тіркеп, жауапкершілікті ысыра салумен шектеледі. Өткен жылды қортындылап, биыл жасалар жұмыспен бөліскен аудан әкімі Қарасу, Заря Востока және Өжет ықшамаудандарының тұрғындарымен кездесті. Әмірболат Құсайынұлы тарқатсын.
Әкіммен кездесіп, көпке ортақ мәселені көптен айтқысы кеп жиынды асыға күткен Мичурин көшесінің бір топ тұрғындары. Өзгеде көп сұрақтың жауабын естімек болған ел 179 мектептің залына симады. Қарасу, Өжет және Зарявасток сынды үш ықшам ауданның халқымен кездескен әкім өткен жылы жасалған жұмыстарды жарты сағат тізіп, біткен істі, аудан экономикасының дамуы, халық тұрмысын жақсарту жолындағы әрекеттерді еске салды. 10 мың гектардан асатын аумақта орналасқан 23 ықшам ауданның өсім көрсеткіші жоғары. 5 мыңнан астам кәсіпкер бизнес жасап, 20 мың жеке тұлға сауда жасап отыр. Сегіз жылда салықтық түсім бес есеге көтеріліп, 23 миллиард теңгеге жеткен.
«Мектептің таршылығы, жетіспеушілігі. Қазір екі мектепке престройка жасайық деп отырмыз. 600 орындық. Сосын 17 проектіні бітіргенбіз. Су, канализация. Канализация үшін осы ауданның орны бөлек. Былтыр 4 ,биыл 5 микро районға қаражат алып отырмыз. 6 миллиард теңге»,- деді Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі, Бағдат МӘНІЗОРОВ.
Әкім аудандағы 676 көшенің 30 пайызына асфальт төселмеген дейді. Оған құбырлардың дер кезінде тартылмауы кедергі келтіріп отыр. 35 мыңға жуық жеке 415 көпқабатты үйде 220 мың халық тұрады. Осыншама елді елеңдетіп отырған тағы бір заңбұзушылықтардың көбеюі.
¤Учаскелік полицейлер болған қылмысты тіркеп, жауапкершілікті сырғыта салудан ары аспайды. Аудандағы қылмыс саны 16 пайызға өскен.
¤Халықтың ашуын тудырған тағы бір мәселе, ол көше тазалығы мен ауыз суға бірдей жауапты «Қарасу» серіктестігінің олқы қызметі. Қоқыстарды дер кезінде шығармайтын компания тұрғындардың шағымын тыңдамайтын деңгейге жеткен. Өз ісіне салғырт қарайтын мекеме әрекетін тоқтатпаса, жұмысты басқа ұйымға жүктейміз деді әкім.
«Көбінесе әлеуметтік мәселеге, көлік қозғалысына байланысты. Халық қандай туындап жатқан мәселе бар соған шынайы жауап алды»,- деді «Жас отан» жастар қанаты Алатау аудандық филиалының хатшысы, Мәди АХМЕТОВ.
Ал жиында Высоковольтный көшесін тек бір бағытта қатынайтын көлік жолына көшірудің кесірінен Мичурин көшесінің тұрғындары зардап шегіп отыр. Облыс пен барахолкіге қатынайтын көліктер ағынының тар көшеде артуы тыныш жатқан елдің мазасын кетірген.
Ауданда тұрғындарға таратылып жатқан пәтерлерден бөлек Атлеттар қалашығына қарама қарсы жерде тағы жүз мың шаршы метрді құрайтын баспана құрылысы басталған. Одан бөлек Саялыда тағы 13 үйдің құрылысы биыл бітуі тиіс. Сегіз жылдық тарихы бар ауданда атқарылар іс аз емес.