|
10.02.2017 | 10:30
2201

Almaty Towers-тегі өртте қаза тапқандарға қатысты іс прокуратураға тапсырылды

Almaty Towers-тегі өртте қаза тапқандарға қатысты іс прокуратураға тапсырылды

Almaty Towers-тегі өртте қаза тапқандарға қатысты іс прокуратураға тапсырылды. Енді құзырлы орган барлық материалды қарап, 6 адамның өліміне кінәлілерді анықтамақ. Ал, қаза тапқандардың туыстарының мүддесін қорғаушының айтуынша, студенттер өрт қауіпсіздігі сақталмағандықтан мерт болған. Оның сөзінше, сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жұмысшылар тұншықтырғыш газдан уланып өлген. Алдын ала нұсқа бойынша, олар өрт кезінде жабық бөлменің ішінде қаза тапқан. Сондай-ақ қорғаушы тілсіз жау тұтанардың алдында «Батут орталығы» қызметкерлері түсірген видеожазбаны ұсынды.  Кадрларда өрт кезінде дыбыс дабылының қосылмағаны көрінеді.  Осыған сәйкес адвокат, «дабыл іске қосылып, өрт сөндірудің  жүйесі істеп тұрса балалар өртті сөндіруге тырысар еді» дегенді алға тартты.  Әрі, бөлмедегі, түтін жою жүйесінің де істен шыққанын айтты.

«Тергеушілердің сөзінше, бұл істе жалғыз кінәлі адам бар. Ол «Батут орталығының» директоры Дәурен Тұяқов. Бірақ мен бұл пікірмен келіспеймін. Тергеуді шынайы жүргізіп, нағыз кінәлілердің барлығын жазалау керек. Егер қаланың төтеншеліктері мен ғимарат әкімшілігі мәлімдегендей, ондағы барлық өрт сөндіру жүйелері жұмыс істеп тұрған болса, тілсіз жау дер кезінде ауыздықталар еді. Сондықтан ғимарат әкімшілігі де толықтай жауапқа тартылуы керек, тексеріс жүргізбеген ТЖД да жазалануы тиіс», - деді «Батут орталығында» өрттен қаза тапқандардың туыстарының мүддесін қорғаушы Ерлан БЕКБОЛОВ.

Сондай-ақ қорғаушы апат жағдайында шығуға мүмкіндік беретін жерде кеңсе салынғанын видео арқылы көрсетті. Есіктің жабық болуы салдыранын, студенттер қамалып тұншығып қалған. Белгілі болғандай, кеңсе «Ғаламат тех» компаниясына тиесілі екен.  Өрт тұтанғанда компания директоры өрт сөндіру жасағын осы жабық тұрған есікке бағыттап, оттың сонда шығып жатқанын айтқан. Алайда, қорғаушының сөзінше, өрт сөндірушілер әрекет етпеген көрінеді. Еске салайық, Almaty Towers бизнес орталығының кинотеатр ғимаратында өрт өткен жылдың 6 қарашасында кешкі уақытта шыққан еді. Қызыл жалын 1 800 шаршы метр жерді жалмады. Өрттің кесірінен 54 жастағы ер азамат пен 5 студент көз жұмған болатын.

«Өрт болып жатқан жерден құтылып шыққан Бекжан, яғни қаза тапқан Абылайхан Зульпибековтың туыс ағасы және басқа да құтқарылған адамдар полицейлер мен өрт сөндірушілерге ғимарттың үстіңгі қабатында адамдар қалғанын және оларды құтқару қажеттігін айтқан. Өйткені, сол күні жабық ғимаратта қалып, көз жұмған 5 студент оларға телефон шалып көмек сұраған.  Бірақ түсініксіз жайт пен сұрақ көп. Неге өрт сөндірушілер ол адамдарды ұмытып кетті?  Сондықтан біз нағыз кінәлілер жазаланса дейміз», - деді «Батут орталығында» өрттен қаза тапқандардың туыстарының мүддесін қорғаушы Ерлан БЕКБОЛОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир