Елбасы Астана тұрғындарымен кездесті

Елбасы Астана тұрғындарымен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың қарапайым халық тұратын аумағын аралады. Жоспардан тыс жұмыс сапары барысында Президент Астананың теміржол вокзалының қызметімен танысып, қала тұрғындарымен тілдесті. Тас жолдағы кептеліс пен көлік тұрағының жетіспеушілігі де Елбасы назарында болды. Бұл мәселені шешу үшін тіпті шетелдік тәжірибені де қолданысқа енгізуді алға тартты. Ал басты назар Астананың тазалығында болды. Халықаралық деңгейдегі шараның алдында елорданың әрбір ғимараты мен ауласы мұнтаздай жарқырап жатуы тиіс. Осы ретте Президент қала тұрғындары мен коммуналшыларды тазалық пен көгалдандыруға немқұрайлы қарамай, белсене атсалысуға шақырды. Әрі, қаланың «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне уақытылы дайындығының маңыздылығын айтып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев әрмен қарай «Сарыарқа» ауданының тұрғындарымен әңгімелесті. Олардың коммуналдық шаруашылық саласы қызметінің жұмысы туралы ойларын тыңдады. Ал қатардағы жас отбасылар Президентке тұрғын үй алуға арналған бағдарламалардың тиімділігін айтып, алғыс білдірді. Осы ретте Елбасы өзі де кезінде пәтер алу үшін 10 жылдап кезекке тұрғанын айтып қалды.


Новости партнеров