Елбасы үндеуі - мемлекеттің болашағы үшін маңызды шешім

Елбасы үндеуі - мемлекеттің болашағы үшін маңызды шешім
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасы үндеуі - мемлекеттің болашағы үшін маңызды шешім. Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформалар еліміздің демократиялық дамуының алғышарты. Бұл өзгерістер мемлекеттік аппараттың жұмысын реттеуге жол ашады. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов осындай пікір білдіруде.

«Біз толығымен сенімдіміз, Қазақстанның болашағына толық сенімдіміз. Біз жаңа Қазақстан, жаңа экономикалық дамуына толық сенімдеміз. Бүгінгі жаңа басқару әлем талаптарына сай, елбасының бүгінгі қойып отырған талаптары жалпы халықтың көңілінен шығатынына біз толығымен сенімдеміз», - деді  Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес ЕСПОЛОВ.

Конституциялық реформаға атсалысу - бәріміздің азаматтық парызымыз. Алматының кітапханашылары оны мұқым жұртқа түсіндіру мақсатында арнайы көрме ұйымдастырмақ. Сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері, жазушылар және  ақындармен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

«Кітапханашылар, кітапхана меңгерушілері осы қаламыздағы 25 кітапхананы біріктіретін жүйе ғой бұл. Сондықтан бұның тармақтарын біз бүкіл еліміздің саясаткерлерімен, сарапшыларымен және білім, ғылым, мәдениет өкілдерімен бірлесе отырып, ақпараттық құралдарымен бірлесе отырып, халыққа таратушылардың белсенді тобы біз боламыз. Сондықтан біз бұны жетелей талқылауымыз қажет деп ойладық», - деді Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі басшысының орынбасары Гүлсім САПАҚОВА.


Новости партнеров