|
01.02.2017 | 09:35
2199

Еліміздің спортшылары "Алтын" медальді қоржындарына еншіледі

 Еліміздің спортшылары "Алтын" медальді қоржындарына еншіледі

Универсиада ойындарында тартыс қызу үстінде. Оған дәлел - медаль иегерлерінің есімдері мен елдердің жалпы командалық есептегі орындары. Medal Plaza-да кезекті рет жеңіс тұғырынан көрінгендерге жүлделерді табыстау рәсімі өтуде. Республика Сарайының алдындағы алаңда әріптесім Әнуарбек Жәлел де салтанатты рәсімге куә болуда. Ол студиямен тікелей байланысқа шығып, алаңдағы ахуалды айтып бермек. Әнуарбек, марапаттау рәсімі басталды ма? Қазір қандай спортшыларға жүлде табысталды?

Расымен де, Қазақстан құрамасы үшін сәтті күн болды. Алматы қаласының ауа-райы кей жарыстардың өтуіне кедергі келтірсе де, Ұлттық құраманың сапында өнер көрсететін биатлоншылар мінез көрсетті. Алина Райкова алтыннан алқа тағып, жеңімпаздан екі минут қалыс қалған Галина Вишневская күміс медальды ұтып алды. Осылайша, жарыста биатлоншы қыздарымыз бір алтын, бір күміс еншіледі. Райкова 2015 жылы Словакияда өткен қысқы универсиада да осы қашықтықта алтын алған еді. Ал, Фристайлдың акробатика жаттығуында қазақстандық Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек аралас командалық жарыста универсиада чемпионы атанды. Конькимен 1500 метрге жүгіруде қазақстандық Екатерина Айдова қола медальды еншілеп, Анна Шевченко шаңғымен жүгіруден бес километрге із қуып жарысуда үшінші орынға тұрақтады.

¤Еске сала кетейін, кеше, 30 қаңтар күні өткен жарыстарда Жанбота Алдабергенова фристайлдан қола медаль еншілесе, Жібек Арапбаева күміс медальға қол жеткізді. Шаңғы жарысынан Анна Шевченко бес километрге созылған жеке жарыста қола медальды ұтып алды. Кеше медальдар саны бойынша Қазақстан 5 орында болса, 2 алтын, 2 күміс, 4 қоламен - екінші орынға жайғасыты. Ал, топты бастап тұрған Ресей құрамасы. Олардың еншісінде 8 алтын, 7 күміс және 2 қола медаль. Польша 2 алтын, 1 күміс, 2 қоламен үшінші орынға жайғасты. Аспан асты елі төрт және Италия бесінші орында. Мендегі әзірге айтар бар ақпарат осындай. Үмбет сөз кезегі өзіңде.

¤Рахмет, Әнуарбек. Біздің спортшыларға күнде алтыннан алқалар табыстала берсін. Бізбен тікелей байланысқа шыққан Әнуарбек Жәлел болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

медали
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир