|
31.01.2017 | 11:59
1458

Елімізде жанармайға сұраныс көбейіп келеді

Елімізде жанармайға сұраныс көбейіп келеді
Елімізде, жанармайға сұраныс көбейіп келеді. Бензин мен дизель импорты өткен жылы 20 мың тоннаға төмендеп, ішкі өндіріс 130 мың тоннаға артқан. Мамандардың мәліметі бойынша, импортты қысқарту моторлы және дизельді отын өндірісінің ұлғаюына байланысты болған. 2016 жылдың 11 айының ішінде Қазақстанның мұнай өңдеу кәсіпорындары шамамен 7 миллион тонна отын шығарған. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 130 мың тоннаға артық. Өндірістің өсуіне қарамастан, қазақстандық тұтынушылар көлік отыны тапшылығын сезінуде.  Өткен жылы қаңтар-қараша айларының аралығында ішкі нарыққа барлығы 8,3 миллион тонна отын түскен. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 110 мың тоннаға артық болса, 2013 және 2014 жылдардың көрсеткішінен едәуір аз.
Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир