Елімізден 50 мыңға тарта темір тұлпар көрші мемлекеттерге жөнелтілген

Елімізден  50 мыңға тарта темір тұлпар көрші мемлекеттерге жөнелтілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2017-ші жылы Қазақстанда темір тұлпар өндірісі 3 есеге өскен. Осылайша 6 зауыт, құны 139,5 миллиард тенге болатын 20 мыңға жуық машина құрастырыпты. Сонымен қатар, Қазақстандық көліктердің экспорты да 8 есеге көтерілген. Былтыр 50 мыңға тарта темір тұлпар көрші мемлекеттерге жөнелтілген.  Автобизнес қауымдастығының өкілдері, отандық көліктердің көптеп сатылуына, жеңілдетілген несие мен «Тред ин», яғни ескі көлікті жаңаға ауыстыру бағдарламасы септігін тигізуде дейді.

«Осы күні Қазақстанда отандық көліктерді құрастырып, оларды тұтынушыларға ыңғайлы бағамен сату үшін жақсы жағдай жасалуда. Отандық автомашиналардың сапасы жыл сайын көтеріліп келеді. Осы жылы мемлекеттен жеңілдетілген несиеге 8 миллиард тенге бөлінеді. Сонымен қатар, өндірушілерге де жеңілдіктер қарастырылған. Утилизациялау бағдарламасы да Қазақстанда құрастырылған машиналардың сатылуына көмегін тигізуде»,-деді Автобизнес қауымдастығының вице-президенті, Анар МАҚАШЕВА.   

Утилизациялау бағдарламасы бойынша, былтыр көліктерін өткізген тұрғындарға 6 миллиард теңгеге жуық қаражат берілсе, 23 мың жеңілдік сертификаттары табысталыпты. Ал, биыл 50 мың автомашинаға квота сұралып отыр. Оның 34 мыңы ескі көліктерді сатып алу, қалған 16 мыңы жеңілдік сертификаттарына жаратылады.

«Біз қазір утилизацияға өткізу құжаттарын барынша қысқартып жатырмыз. Былтыр электронды кезекті енгізіп қойдық. Сондай-ақ, Ішкі Істер министрлігімен келісім шарт жасалып жатыр. Яғни, көлігін өткізем дейтіндерге Қазақстан бойынша бірыңғай анықтама қағазын алу мәселесі. Сонымен қатар, машинаны сенімхат бойынша да өткізу күшіне енеді. Шет ауылдарда тұратын қарт кісілер, сенім хат арқылы утилизацияға көліктерін жіберсе болады»,-деді «ОПЕРАТОР РОП» ЖШС бөлім басшысы, Рыскүл ЕСДӘУЛЕТОВА.

 

Новости партнеров