Ерқанат Тайжановтың ісі Австрия сотының құзырына өтпек

Ерқанат Тайжановтың ісі Австрия сотының құзырына өтпек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Азбука жилья» құрылыс компаниясының бұрынғы басшысы Ерқанат Тайжановтың ісі Австрия сотының құзырына өтпек. Бұл туралы бүгін Парламент мәжілісінде өткен жиыннан тыс, еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан мен Австрия арасында қылмыскерлерді тапсыру жөнінде шарт жасалмаған. Ал, депутаттарға Бас прокурор құқық қорғау органдарының процессуалдық негіздерін жетілдіру жөніндегі заңға енетін түзетімдерді таныстырды.

- Қайырлы кеш Назым! Бүгінгі отырыста қандай өзекті мәселелер қозғалды? Бас прокурор таныстырған жаңа заң жобасында қандай жаңашылдықтар бар?

- Қайырлы кеш Сая. Шынында да құқық қорғау саласы өте маңызды бағыттардың бірі. Жақып Асанов ұсынған заң жобасын Мәжіліс депутаттары бүгін бүге-шүгесіне дейін зерттеді. Ең алдымен, «Азбука жилья»  компаниясының үлескерлер тақырыбын тілге тиек етсем. Шетел асып, Австрия елінде бой тасалаған Ерқанат Тайжанов жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды. Бірақ, сот барысы аталмыш елде өтпек. Себебі, Қазақстан мен Австрия арасында қылмыскерлерді беру туралы келісімшарт жасалмаған.

«Менің білуімше, оған ешқандай жаза тағайындалмаған. Біз барлық құжаттарды толыққанды беріп үлгермедік. Себебі, тағылатын айып көлемі ауқымды. Демек, бір емес, мыңдаған құжатты беруіміз қажет. Әрі оны тиесілі сала тілімен аударып жіберуге міндеті»,  - деді ҚР Бас прокуроры Жақып АСАНОВ.¤

Сонымен қатар, Бас прокурор экономикалық қылмыс жасаған кәсіпкерлерді тергеу амалдары жүргізілуі барысында тұтқындамауды ұсынды. Өйткені, бұл жаңа енетін заңда көрсетіліпті. Ал, ауыр қылмыстық әрекеттер әрине жазаланады. Демек, жалған ақша жасайтындар мен ұйымдасқан  қылмыстық топ өкілдері міндетті түрде сотталады.

«Экономикалық қылмыс тергеліп жатса тергелу кезінде ешкімді қамамауды ұсынамыз. Бұлар енді бизнес жасап жүрген адамдар. Олардың  қоғамға деген қаупі жоқ. Олар  анау бос жүрсе қайта өзінің бизнесін жалғастырып, ана адамдара жұмыс орны болады. Жалған ақша жасау, рейдерлік жасау  немесе ұйымдасқан топтар ол енді бұл экономикалық қылмыстарды бизнес деп айту қиын. Ол бизнес емес, ол таза қылмыс»,- деді ҚР Бас прокуроры Жақып АСАНОВ.

Жақып Асанов өз әріптестерінің де жұмысына тоқталды. Ақпарға сенсек, соңғы 1 жылдың ішінде жауапқа тартылған прокурорлар саны өскен.

«Менің ойымша цифрлық форматта болса. Бағана айттым ғой мен біздің бір ауруымыз бар. Қылмыстық істің қожайыны деп сезінеміз өзімізді. Ана тағдырын біз шешеміз. Міне осы аурудан біз құтыламыз. Коррупция азаяды. Ең бастысы біздің жас әріптестерімізді қате жасаудан, сүрінуден, сотталудан құтқарып, сақтап қаламыз», - деді ҚР Бас прокуроры.

Бас прокурор еліміздегі қылмыстық деңгейді де ұмытпады. Оның ойынша, заң бұзу әрекеттері бұрында да болған. Тек көбіне халық білмейтін. Ал, «қазір технология дамыған кезде, ақпардың тарауы жеделдеді», - деді. Жалпы алғанда, «заңға енген өзгерістер дәл осы қылмыстық деңгейдің төмендеуіне әрі дер кезінде ашылуына септігін тигізеді», - деді прокурор. Сая мендегі айтар осы.

Рахмет! Астанадан тікелей қосылған әріптесім Назым Мәлікқызы болатын. 

Новости партнеров