Павлодар облысында 375 келі сапасыз өнім сатылымнан алынды

Павлодар облысында 375 келі сапасыз өнім сатылымнан алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мониторинг жүргізу аясында 2018 жылы сегіз айдың ішінде тұтынушылардың дастарханына 375 келі сапасыз өнімнің жеткізілуіне тосқауыл қойылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау  департаментінің басшысы Ирина Сорокина  айтты. 

"Саудаға қойылатын өнімдердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында 2016 жылдан бастап бюджет қаржысына азық-түлік сатып алынады", - дейді Ирина Сорокина. 

Оның ішінде, балалар ойыншықтары мен жеңіл өнеркәсіп, парфюмериялық және косметикалық  тауарлар бар. Ол үшін жыл сайын бес миллион теңге шамасында қаржы бөлінеді. Орталық зертханасында жүргізілетін тексерістің нәтижесі бойынша шара қолданамыз. Ұйғарым бергеннен кейін оның орындалуы тексеріледі.  Орындалмаған жағдайда сотқа жіберіліп, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 

Өңірдегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің айтуынша, 2016-2017 жылдары бірнеше жағдай   бойынша сотқа материал жіберлісе, соңғы кездері кәсіпкерлер ұсынылған ұйғарым бойынша бұлжытпай әрекет етуге тырысады. 

Мәселен, биыл алты айдың ішінде  175 келі  өнімнің сатылуына тыйым қойылып, 829 мың 725 теңгеге айыппұл салынған. 

Үстіміздегі жылы мониторинг аясында алынған 2000-нан астам азық-түлік сынамасының алты пайызы   талапқа сай келмеген болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 7,3 пайызды  құраған.  Көбінесе  сәйкессіздік 54,4 пайыз импорттық және 45,5 пайыз отандық  тауарларда анықталған.  

Былтыр Қырғызстанда өндірілген, ал биылғы жылы Ресей өндірушілерінің тауарлары  сынға ұшыраған.  Оның ішінде сүт,  ет және кондитерлік өнімдер  бар.  

"Бірінші кезекте тауардың таңбалануы мен микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткішіне назар аударылады. Өнімнің 70 пайызы  таңбалау бойынша   талапқа сай болмай шықты. Сондай-ақ, Кеден одағының белгісі көрсетілмеген және мемлекеттік тілде ақпарат жоқ", - дейді  департамент басшысы.


Новости партнеров