IMEI-кодты тіркемегендер 2019 жылы ұялы байланыссыз қалады

IMEI-кодты тіркемегендер 2019 жылы ұялы байланыссыз қалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу тәртібі бекітілді. Ұялы телефон қолданушылары 2018 жылдың соңына дейін құрылғыларын тіркеуі керек деп ескертеді, себебі 2019 жылдың 1 қаңтарынан тіркелмеген абоненттер үшін ұялы байланыс қызметі көрсетілмейтін болады, деп хабарлайды otyrar.kz сайты Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу 2004 жылдың 5 шілдедегі ҚР-ның Заңының 8-бабы, 1-тармағының 8-8 тармақшасына («Байланыс туралы») сәйкес пайда болды. Ережелерге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген немесе жасалған абоненттік құралдар міндетті түрде тіркеуден өтулері қажет.

Жеке тұлғалар үшін тіркеу тегін түрде 4 сағаттың ішінде жүргізіледі, ал заңды тұлғаларды өтініш білдірген мерзімнен 8 сағат ішінде тіркейді.

Тіркеу немесе қайта тіркеу үшін байланыс құралының иесі қызметтің автоматтық жүйесіне жүгіне алады немесе байланыс операторының кеңсесіне төмендегідей құжаттармен бара алады:

1. ЖСН (жеке тұлға үшін) немесе БСН (заңды тұлға үшін);

2) Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды;

3) Тіркелуші абоненттік құрылғыда қолданылатын абоненттік нөмірлер.

Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелет жасқа толмағандардың абоненттік құралдарын заңды өкілдерінің келісімімен ғана тіркейді, ал он төрт жасқа толмаған жасөсіпірімдердің заңды өкілдері өз аттарынан ғана тіркей алады.

Ұялы телефондарды тіркеу үшін ұялы байланыс операторларының абоненттік бөлімдеріне барудың еш қажеті жоқ. Бар болғаны, онлайн режимде немесе SMS (ұялы байланыс операторларының интернет-ресурсы және SMS,USSD, т.б.) арқылы тіркелуге болады.


Новости партнеров