Ыстамбұлдағы терактіге қазақстандықтардың қатысы бар-жоғын тексеруде

Ыстамбұлдағы терактіге қазақстандықтардың қатысы бар-жоғын тексеруде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Ыстамбұлдағы терактіге қазақстандықтардың қатысы бар-жоғын тексеруде. Түркиялық БАҚ-та Ыстамбұлдағы лаңкестік оқиғаға байланысты қазақстандықтардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Түркиялық Dogan агенттігінің мәліметінше,  Түркияның құқық қорғау органдары түнгі клубта болған оқиғаға қатысты деген күдікпен 40 адамды қолға түсірген. Ұсталғандардың арасында 20 бала да бар: 9 ұл және 11 қыз. Олардың дені, Дағыстан азаматтары. Сондай-ақ, Қырғыздар мен болжам бойынша Түркістаннан келген қазақстандықтар да бар. Тәртіп сақшылары күдіктілерді Ыстамбұлдың Зейтинбурну ауданында ұстаған. Бүгін Түркияның Еуроодақ бойынша министрі Омер Челик лаңкестікке қарсы заңның өзгермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Түркия билігі бұған дейін айтқан деді ол.


«Түркия Сирия және Ирак шекарасын 1295 шақырымға бөліп тұр. Егер, ол елдерде біздің Түнгі клубта болған сияқты шабуыл орын алса лаңкестікке қарсы заңдарды өзгерту туралы сұрау - Түркияны да, Еуропаны да қауіпке ұшыратады. Бұл қадам дұрыс емес»,- деді Түркияның ЕО істері бойынша министрі, Омер ЧЕЛИК.


Түркияның антитеррорлық заңын өзгерту Еуроодақ талабы. Өйткені, барлық заң Еуропа елдерімен сәйкес келу қажет. Бұл Анкараға визаны алып тастау алғы шарттарының бірі. 

Новости партнеров