Жаңалықтардан көретіндеріңіз:
Жаңа маусым - жаңа бағдарламалар: Алматы арнасы қарқынды дамып жатыр
Ақпарат аламанында «Алматы» арнасы адымдап алға жылжып келеді. 19 жылдан бері үздіксіз хабар таратып отырған телеарнаның толағай табысы толассыз. Биыл Президенттің алғысын алған арнаның, көзі қарақты көрерменге ұсынар дүниесі мол.
Демалыс күндері болатын мәдени шаралар
Қаланың тірлігі шаршатқан халықты алдағы демалыс күндері қызықты шаралар күтеді. Қолөнер жәрмеңкесі, Француз танымал әншісінің концерті жоспарланған. Одан бөлек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірегей көрме ашылды.
Алматыда зейнеткерлерді компьютер мен ағылшын тіліне үйрететін орталық ашылды
Алматыда ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Қалалық әкімдіктің қолдауымен ашылған мекеме егде жастағы адамдарға қызмет көрсетеді. Бұл зейнеткерлердің зейнетке шыққан соң жалғызсырап, қоғамнан бөлініп қалмауына көмектеседі. Құлшынысы бар қарттарға шет тілдерін де үйретеді. Қариялармен қала әкімі де кездесті.
1 шілдеден бастап базалық зейнетақы көлемі 67 пайызға өседі
1 шілдеден бастап базалық зейнетақы көлемі 67 пайызға өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді. Министрдің айтуынша, зейнетақы жүйесі қайта қаралған.
Балалар үйінің 300-ден астам тәрбиеленушісі республикалық фестивальде бақ сынап жатыр
Астананың 20 жасқа толуына орай еліміздің әр өңірінен 300-ден астам ата-ана қамқорынсыз қалған бала Елордада бас қосты. «Бүгіннің баласы, болашақтың- данасы» республикалық фестиваліне жиналғандар өнер сайысының алты түрінен сынға түседі.
Алматы – Иркутск бағытында ұшақтар қайта ұша бастады
Алматы мен Иркутск арасында 26 жыл бойы тоқтап қалған әуе рейсі жанданып, қайта ашылды. Соның арқасында жолаушылардың сапар шегуіне ыңғайлы жағдай жасалды.
Алматыда смарт тұрақтар пайда болады
Алматыда смарт тұрақтар пайда болады. Жоба авторларының ойынша, бұл қала көшелері мен ауладағы көліктердің жүктемесін азайтуға септігін тигізеді.