Педофилдің құрығына түсе жаздаған 8 жасар қыздың денсаулығы оңалды

Педофилдің құрығына түсе жаздаған 8 жасар қыздың денсаулығы оңалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түргенде педофилдің құрығына түсе жаздаған 8 жасар қыздың денсаулығы оңалды. Дәрігерлер оны үйіне шығармақ. Қаршадай қыздың ауруханаға жеткізілгенде жағдайы тым ауыр болған. Басы жарақаттанып, миы шайқалыпты. Бұған қоса, қос жанарына да зақым келген. Ақ халатталар консилиум құрып, өскінді жіті тексерістен өткізіпті. Естеріңізге сала кетсек, жантүршігерлік оқиға 14 сәуірде Алматы облысына қарасты Түрген ауылында болған. 8 жастағы кішкентай қызға 32 жастағы ер адам шабуыл жасап, оны сайға апарып зорламақ болыпты. Абырой болғанда, бұл арам пиғылы жүзеге аспай қалды.  Маңайдан өтіп бара жатқан 11-ші сынып оқушысы жасөспірім қызды педофилдің құрсауынан құтқарып қалған.

«Бізде нейрохирург қарады, невропатолог қарады, педиатр. Бәріміз консилиум құрып, бізда қандай дәрігерлер бар қараған. Міндетті түрде психолог күніге сол қызбен жұмыс істеп, психологиялық көмек берген. Қазір қыздың жағдайы жақсы. Ауруханадан шығарайын деп жатырмыз. Үйіне шыққаннан кейін өзі бақылауда болу керек. Невропатолог және психолог дәрігеріне қаралу керек», - деді АЛматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Ролан НҰРБАЕВ.


Новости партнеров