|
26.07.2018 | 16:26
8610

Қазақстандықтардың тамыз айында неше күн демалатыны белгілі болды

Қазақстандықтардың тамыз айында неше күн демалатыны белгілі болды

Сенбі-жексенбі мен мереке күндерін қосқанда, тамыз айында қазақстандықтар он күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елімізде мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келіп тұр.

Ал 30 тамыз – Конституция күні. Бұл күні де қазақстандықтар демалады.

ҚР Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Үкіметтің 2018 жылы демалыс күндерін өткізу туралы қаулысына сәйкес, қазақстандықтар 25 тамыз, сенбі күні жұмыс істейді. Ал 31 тамыз, жұма күні демалады. Осылайша, 30, 31 тамыз және 1, 2 қыркүйек – демалыс күндері.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир