Қазақ әскері ТМД елдерінің арасында Ресейден кейін екінші орында тұр

Қазақ әскері ТМД елдерінің арасында Ресейден кейін екінші орында тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ әскері ТМД елдерінің арасында Ресейден кейін екінші орында тұр. Олар, заманауи техникамен жабдықталған. Қару жарақтары әлемдік стандарттарға сай. Құрлық әскерлерінің тынысымен тілшіміз танысып қайтты.

Бұл, құрлық әскерлерінің қару жарақтар мен техникаларының көрмесі. Мұнда сан түрлі құрылғылар қойылған. Соның ішіндегі ең керектісі - мына станция екен. Аппарат 2009-шы жылы АҚШ-тан жеткізілген. Онда суды тазалайтын 6 сүзгі орнатылған.

«Елу микрондық тазалайтын фильтрлар бар. Одан кейін 5 микрондық тазалайтын катржный фильтр дейді, ол тонкий отчистка. Тағы да бізде хлормен, әр түрлі химиялық составтар бар. Полимер дейді, ол когулянт ретінде, өзеннен келген судың ең ірі нелерін ұстайтын химически состав»,- деді Далалық сумен қамтамасыз ету бөлімінің сержанты, Серік ОРАЗБЕКОВ.

Мына жылжымалы станция құрлық әскерлерін ауыз сумен қамтамасыз етеді. Сағатына 2 тоннадан аса суды тазалайтын бұл құрылғы осы күні, десанттық шабуылдаушы әскерлеріне таптырмас жабдық болып тұр. Сонымен қатар, судағы кез келген зиянды заттарды жоюға қауқары бар.

Ал, мына көлік жол талғамайды. Тау-тасты оп-оңай ескереді. Әскери көлік қалың материалдармен қапталған.

Дәл қазір біз, көрме көрсетілген хаммер автокөлігінің ішінде отырмыз. Бұл машинаның салмағы 3 тоннаға жетеді. Өздеріңіз көріп тұрғандай мұнда жүргізушіден бөлек, 3 сарбаз отырады. Сонымен қатар, пулеметшіге арналған люкте бар.

Көрмеден шығып, десанттық шабуылдаушы әскерлерінің полигонына бардық. Сарбаздардың жұмысын өз көзімізбен көріп, қаруларын қолымызға ұстап, атып та көрдік. Бұл менің автоматты алғаш ұстауым.  

Осыдан кейін, тапаншадан оқ аттық. Алысты көздеп, мылтықтардың да қауқарын бағамдап көрдік. Ізін ала, автоматты 40 секундта шашып, қайта жинадық.  



Жарыс аяқталғаннан кейін, десанттық шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы журналистермен брифинг өткізді. Қазақ сарбаздарының бүгінгі жағдайын баяндап берді. Алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Қазіргі кезде, біздің сарбаздарды әлем елдері мойындап отыр. Сонымен қатар, қару жарақтарымыз да барлық стандарттарға сай. Қандай да бір жаңа техника шықса, біз оны сатып алуға тырысамыз. Ол жағынан еш қиындық туып отырған жоқ. Түрлі жерлерде ұрысты жүргізу тәсілдерін біз шетел әріптестеріміздің тәжірибелерінен аламыз. Атап айтқанда, Сирия, Украина, Ирак. Бұл мемлекеттерде соғыс тәсілі бұрынғыдай емес. Сондықтан, жауынгерлік дайындықты жыл сайын күшейтіп отырамыз»,- деді Десанттық шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы, Алмас ЖҰМАКЕЕВ.

Десанттық шабуылдаушы әскерлер жыл сайын шетелге барып, тәжірибе толықтырып келеді. Қазір, құрлық әскерлерінің офицерлері ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Осы күні ол, басты талап болып отыр. Қолбасшының сөзінше, біздің әскеріміз ТМД елдерінің арасында Ресейден кейін екінші орында тұр екен.

Өмір Әнуарбек Влад Шишко, «»Алматы телеарнасы


Новости партнеров