Қазақстанда оқулықтардың бағасы қымбаттады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде оқу және анықтамалық әдебиеттердің бағасы 6,4 пайызға өскен, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқу-анықтамалық әдебиеттер қыркүйек айына қарай 6,4 пайызға қымбаттап, орташа есеппен алған 1,3 мың теңгеге дейін бағасы көтеріліп кеткен.
2018-2019 оқу жылы қарсаңында 12 миллионнан аса оқулық сатылды: 3,6 және 8-сынып оқушылары үшін. ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің мәліметіне қарағанда, осы сыныптарда 906 мың оқушы оқиды.
Бүгінде республика бойынша оқулықтардың 92,5 пайызы өңірлерге жеткізілді. Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қалаларына оқулықтар 100 пайыз жеткізілді.
Бірақ сарапшылардың сөзіне қарағанда, кейбір өңірлерде оқулықтар толықтай жеткізілмеді: Ақмоладағы 6 ауданға, Қостанайдағы 3 ауданға, Шығыс Қазақстан облысындағы 2 ауданға, Қызылорда облысындағы бір ауданға оқулықтарды жеткізу мүмкіндігі болмағандықтан олар өз беттерінше жеткізіп алуы тиіс.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33