Алматылықтар күткен аптап ыстық қашан басталады? Жоғары температура қанша кұнге созылуы мүмкін? Алдағы күндері мегаполис тұрғындары мен қонақтарын қандай күн райы күтіп тұр? Осы сауалдарға жауап алу үшін біз Қазгидромедтің Алматы қаласы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Айжан Жандосовамен тікелей байланысқа шықпақпыз. Қайырлы кеш Айжан Жұмабайқызы! Алдағы күндерге қандай болжам жасап отырсыздар?
«Кеш жарық, Өмір! Алдағы екі тәулікте Алматыда ыстық, жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде. Түнгі сағаттағы температуралар +10, +15 градус жылыны көрсетсе, күндіз +28, +30 градус жылы болады. Ал аптаның соңына қарай таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Бірақ температуралық фон жылы болады. Түнгі температуралар +12, +17 градус жылы болса, күндіз +28, +33 градусқа дейін жылы болады»,-деді "Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Айжан ЖАНДОСОВА.
Маусым айы бойынша күн райы қандай болады?
«Жалпы, маусым айының екінші онкүндігінен бастап температуралық фонның жоғарылауы күтіледі. Түнде температура 15-20 градустан 25 градусқа дейін жылынады. Ал 25-30 градустан 30-35 градусқа дейін жоғарылайды. Осындай ауа райы маусымның аяғына дейін сақталынады. Арасында ауытқулар болуы мүмкін. Бірақ маусымның аяғына дейін осындай жылы ауа райы күтіледі. Жалпы, маусым айындағы жауын-шашын мөлшері 56 милиметрді құрайды»,-деді "Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Айжан ЖАНДОСОВА.
Айжан ханым, ақпаратпен бөліскеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз.