«Рухани жаңғыру» аясында 200-ге жуық жоба іске асады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 200-ден аса жоба іске асырылуда. Қоғамдық кеңес алдында өткен есептік кездесуде қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов сол жобаларды атап өтті. Қазіргі күні қалада «Сакралды карта» жасалып, жаңа кітаптар шығарылуда,әрі жастарға да қолдау көрсетіліп жатыр. Оқушылар және студенттер арасында түрлі байқаулар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ Университеттер Альянсы құрылды. Білім беру, денсаулық саласы бойынша жобаларды жүзеге асыруға кәсіпкерлер де ат салысып жатыр. «Туған жер» жобасы аясында Наурызбай ауданында мектеп және емхана бой көтерді. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдар да сүбелі үлесін қосуда.

«Республика бойынша 20 мыңға жуық мемлекеттік үкіметтік емес ұйымдар тіркелген болса, соның 20 пайызының үстінде яғни 4000 астамы Алматы қаласында тіркелген. Және белсенді өздерінің жұмысын жүргізеді. Жүйелі тұрғыда соңғы 3 жылдың ішінде жалпы үкіметтік емес ұйымдарға қаржыландыру мәселесі түбегейлі қолға алынған. Республика бойынша ең алғашқы көрсеткіштердің бірі болып табылады»,- деді Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан СЫДЫҚОВ.


Новости партнеров