Елімізде ақ халаттылардың үстінен түсетін шағым көлемі артуда

Елімізде ақ халаттылардың үстінен түсетін шағым көлемі артуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде ақ халаттылар үстінен түсетін шағым көлемі артып келеді. Өткен жылдың өзінде Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне 3 жарым мыңға жуық азамат арызданыпты. Нәтижесінде, 400-ден астам әкімшілік хаттама толтырылған. Бұл туралы еліміздегі «Дәрігерлер қателігі мен жауапкершілігі» тақырыбында өткен халықаралық семинарда айтылды.

Елімізде медицина қызметкерлерінің жұмысына тағылатын сын көп. Көбіне анестезиолог, хирург пен реанимация мамандары дау астында қалады екен. Өткен жылғы көрсеткішке көз жүгіртсек, 3,5 мыңға жуық азамат мемлекеттік органдарға шағым түсірген. Бұл бүгін Астанадағы медициналық мекемелердің бірінде ұйымдастырылған халықаралық семинар кезінде белгілі болды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның пікірінше, шағымның тең жартысы медициналық қызмет сапасына қатысты.

«Көбіне медициналық қызмет сапасы сынға қалып отыр. 430 әкімшілік хаттаманың ішінде 299 жеке тұлға мен 23 заңды тұлға жауапқа тартылған. Әкімшілік жауапкершілік айыппұл негізінде өтелді. Сома көлемі  8 млн 891 мың теңгені құрады», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат АҚТАЕВА.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бір сөзінде «дәрігерді жасаған қателігі үшін жазалау қажет емес» деген еді. Қоғамдық пікір тудырған бұл мәселе бүгінгі жиында қайта қаузалды. Ақ халаттылар бұл ойды қолдаса, қарапайым жұрттың біразы онымен келіспеді.

Басқосуға арнайы келген дүниежүзілік медициналық құқық қауымдастығының вице-президенті  Вугар Мамедовтың ойынша, қызмет көрсету сапасы мен дәрігерлер жауапкершілігін арттыру үшін құқықтық сауатты дамыту қажет, - дейді. Демек, медицина қызметкерлерінің заңдық тұрғыда білімі болу қажет. 

«Әлемнің түрлі сарапшылары қажетті білім деңгейін арттыру студенттік кезден басталуы тиіс - дейді. Демек, қажетті пән медицина саласындағы оқу орындарында соңғы курста енгізілуі қажет. Дәрігер олқылығы мен оның жауапкершілігін анықтайтын ақ халаттылар қоғамы болмаса, медициналық соттың емес заңгердің жұмысы», - деді Дүниежүзілік медициналық құқық қауымдастығының вице-президенті Вугар МАМЕДОВ.

Сонымен қатар, ел тұрғындарының медициналық құқық саласындағы білімі де сөз болды. Мамандардың сөзінше, дәрігер кінәсін дәлелдеу үшін халықта білімді болуы шарт. Денсаулық сақтау  министрлігінің ақпарына сенсек,  алдағы уақытта дәрігер қателігі мен немкетті көзқарасты ажырататын бірегей тізімі жасалмақ.


 Назым Мәлікқызы, Олжасбек Мәденов, «Алматы» телеарнасы Астанадан



Новости партнеров