Алматыда қараша айында алғаш рет ең үлкен орталық ашылмақ. Нақтырақ айтқанда, 140 мың шаршы метрді қамтитын коворкинг болады. Бұл дегеніміз, бір ғимараттың ішінде іскерлік кездесуді ұйымдастыра отырып, ондағы өзге де сервистарды пайдалана алу. Аталған нысанда 64 кеңсе, 4 жиын залы, тіпті балалар алаңқайына дейін жасалмақ. Бас-аяғы орталық мың адамға шақталған. Оған 200 орындық автокөлік тұрағын қосыңыз.
«Жалпы бұл жобаға 1 миллиард теңге инвестиция құйылды. Ол ақша бізге төрт жылға жетпей қайтып келуі керек. Бұндай жобаны бастауға түрткі болған себептің бірі – Алматыда, мегаполиста кездесуге ыңғайлы жер жасағымыз келді», - деді жоба серіктесі Мейрам ТІЛЕУХАН.
Бизнесмендер баға жағы ақылға қонымды болады дейді. Айына бір кеңсені жалға алу құны ары кетсе 60 мың теңге тұрады. Сондай-ақ қалалықтар мен қонақтарға сағатына әр күндік жалға алу мүмкіндігі беріледі.