Күлекбаев сотта соңғы сөзін айтты

 Күлекбаев сотта соңғы сөзін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қанды теракті ұйымдастырған Күлекбаев сотта соңғы сөзін айтты. Қарақшылық баптарымен айыпталып жатқан тағы бес жігіт судья мен халықтан кешірім сұрап, істеген әрекеттеріне өкінсе, Күлекбаев еш өкінбейтінін мәлімдеді. Соңғы сөзінде уағыз айтпақ болған ол өзіне шығарылатын үкімге дайын екенін де жеткізді. Мемлекеттік айыптау ісін жүрізген прокурорда жарыссөзде соттан ең қатаң жаза тағайындауды сұрады. 


Тергеу мекемесінде теракті ісі бойынша айыпталған Руслан Күлекбаевпен қарақшылық шабуылдар әрекеті бойынша айыпталып жатқан тағы бесеудің соты осымен бесінші күн жүргізіліп жатыр. БАҚ өкілдері манитор арқылы осы жерде істі бақылап отырса, келесі кабинетте сот процесі жүргізіліп жатыр. Судья сотталушылар мен оның қорғаушыларына, зардап шегушілер мен прокурор арасында жарыссөзге кезек берді. Трибунаға ашығып жақындарынан айырылып жатқан адамдардың сөзін тыңдауда ауыр. Мәселен, Мейрамбек Рахматуллаев үйленгеніне небәрі сегіз-ақ күн болған соң қаза тапса, Серік Әбділдаев зейнетке шығам,- деп жүргенде қаза тапқан. Осылай атылған автомат, тапанша және шолақ мылтық оғынан 10 адам қаза болса, 7 адам жараланып аман қалған. Бүгінгі жарыссөз кезінде Күлекбаевқа да кезек берілді. Осыншама ойран салған лаңкестің сөзіне кезек берсек. 

Сөзін шариғат айтудан бастаған Күлекбаев атыс ұйымдастырған себебін, «қамауда отырған діни бауырластары» үшін кек алмақ болғанымен жеткізді. Бір өзі жеке темір қоршауда отырып, сот ісіне үнемі кедергі келтіріп келген Күлекбаев қайта-қайта уағыз айта берген соң оның сөзін судья үзіп тастады. 

Ал мемлекеттік айыптаушы - Алматы қаласы прокурорының орынбасары Жарқынбек Бақашбаев 10 адамды жер жастандырған 25 жастағы айыпталушының қылмысын тағы да толық баяндап, ең қатаң жаза сұрады. Түрмеге тоғыту жазаларының жалпы жиындығы 68 жылға жетсе, өмірінің соңына дейін қамауда отыруды, соңында лаңкестік бап бойынша өлім жазасын кесуді сұрады. Ет жақындарынан айырылған ондаған жан Күлекбаевті халық алдында жазалауды сұрады. 

"Салафизм,- дейді. Басқада діни ағымдармен кеткен адам. Миы әбден уланған. Ешқандай адам өлтірдім,- деп тұрған жоқ. Біздің талабымыз жәбірленушілердің - ату жазасы",- деді Марқұм Ғ. Нұримановтың інісі, Әсет АЛТАЕВ. 

Күлекбаевтың ісіне қатысы бар деген бесеуді прокурор 3 тен 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Соңғы сөздерінде өкініштерін білдіріп, кешірім сұраған бес айыпкер тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ құрып, қару-жарақ арқылы екі жылдан бері пәтер тонаумен де айналысқан. Ал 9 бап бойынша жазаға тартылып жатқан Күлекбаев соттағы соңғы сөзінде соңғы өміріне дейін түрмеде отырудан да, өлім жазасынан да қорықпайтытын тағы қайталады. Бейбіт елде білгендерін істеген алтаудың тағдырына қатысты үкім алдағы сәрсенбі, екінші қарашада шықпақ. 

Әмірболат Құсайынұлы, Қанат Кигізбаев, "Алматы" телеарнасы 

Новости партнеров