ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда менингиттен көз жұмған бала мен қыздың өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін инстаграм әлеуметтік желісінде 5 жасар баланың анасы ұлының өлімінен кейін көп ұзамай келіні де қайтыс болғанын жазған еді. Айтуынша, жедел жәрдем дәрігерлері ауыр жағдайда жатқан қызды жақын маңдағы Талғар ауруханасына жеткізудің орнына, Қаскелеңге апарған. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында денсауық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлер жас қызды неге алыстағы ауруханаға әкеткенін сұрады.
"Кім кінәлі?" деген мәселе құқық қорғау органдарында шешіледі. Егер құқық қорғау органдарына тиісі арыз түссе, тергеу жүргізіліп, сотты шешім қабылдауы тиіс деп санаймын. Денсаулық сақтау министрлігінің жедел жәрдем көрсету тәртібі туралы тиісті бұйрығы бар. Онда жағдайы ауыр науқас жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілуі керек деп айқын жазылған. Балаға қатысты жағдайда, бүлдіршінді жақын маңдағы Талғар ауруханасына жеткізбек болған, алайда баланың анасы Алматыға өзі барып, сол жерден жедел жәрдем шақыртқан. Осылайша уақыт жоғалқан. Ал оның туысқанына қатысты айтар болсам, баланың анасының сөзінше, науқасты Талғардан Қаскелеңге жеткізбек болған. Біз бәрін анықтаймыз, барлық адам өлімі бойынша қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті сараптама жүргізеді", — деді Біртанов.
Министр медициналық көмек стандарттарының бұзылған-бұзылмағанын тексеру нәтижелері туралы қосымша ақпарат беруге уәде етті.