|
22.11.2016 | 11:59
2204

Алматыда жүргіншілер жолын қардан тазалау акциясына студенттер белсене қатысты

Алматыда жүргіншілер жолын қардан тазалау акциясына студенттер белсене қатысты


Ал жүргіншілер жолын қардан аршу жұмыстарына қаланың белсенді азаматтары да атсалысуда. Оны әлеуметтік желілерден көруге болады. Шамалары келгенше, қолдарына күрек алып, Алматының коммуналдық қызметтеріне көмектеріне қолғабыс етуде. Студенттер де бұл шарадан тысқары қалмады. Осы орайда "Қаланы қардан тазалайық" акциясы  ұйымдастырылған.

«Бүгінгі күні Алматыға қардың көп жаууына байланысты, Алматы әкімшілігі және де Бостандық ауданы әкімшілігінің сұранысы бойынша, өзіміздің достарымызбен осы жұмысқа атсалысып жатырмыз»,- деді Студент, Елдос ТҰРСЫНОВ.

 Аталмыш акцияға 500-ден астам студент қатысқан. Олар Бостандық ауданына қарасты аумақты қазір қардан тазартып жатыр.

 «500 студент қазір Абай, Сәтбаев, Тимириязев көшелерін қардан тазалауға өз көмектерін көрсетуде. Ал Алматы әкімдігі, Бостандық ауданы әкімшілігі мен Тәртіп компаниясы қаланың белсенді азаматтарына күрек пен қолғап және астық тамақпен қамтамасыз етіп жатырмыз»,- деді "Тәртіп" Ақ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары, Сұлтан ИСЛАМОВ.

 

 

 

 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир