Шекарадан 78 құндыз тонын алып өтпек болғандар ұсталды

Шекарадан 78 құндыз тонын алып өтпек болғандар ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің  «Алтынкөл» кеден бекетіне қарасты «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастығы орталығы бақылау-өткізу пунктінде 78 құндыз тонын алып өткен азаматша ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше,  кезекті кедендік тексеру барысында кеденшілер мен экономикалық қылмысқа қарсы күрес және шекара қызметкерлеріне  Жанар Аубакирова есімді азаматшаның «құндыз тоңдар өткізуі мүмкін» деген ақпарат келіп түскен. Алдын ала сырттай бақылау барысында оның сыбайластарының кімдер екендігі де мөлшермен белгілі болған. Олардың алға қойған жоспары - құндыз тондарды бір адам ғана емес, бірнеше адамға бөліп беру арқылы өткізу. Сондықтан да сезік тудырып алмас үшін бірлескен топ мүшелерін кедендік тексеруден біртіндеп өткізуге тура келген. Сөйтіп, сыбайластар кедендік тексеруден өтіп болған соң, құндыз тоңдарды бір жерге жинаған сәтте ғана кеденшілер мен шекарашылардың және экономикалық қылмысқа қарсы күрес қызметкерлерінің бірлесе әрекет етуінің нәтижесінде қолға түсті. Ұсталған 78 дана құндыз  тоңдардың  кедендік құны 12 миллион 750 мың теңгені құрайды.


Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234 бабының 1 тармағы (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.


Новости партнеров