Алматыда 127-ші бағытта жолаушы тасымалдайтын автобустар жаңартылды

Алматыда 127-ші бағытта жолаушы тасымалдайтын автобустар  жаңартылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 127-ші бағытта жолаушы тасымалдайтын автобустар толықтай жаңарды. Қала билігі 12 бірдей қоғамдық көлікті қолданысқа берді. Олардың барлығы Еуро-5 талаптарына сай келеді. Жаңа автобустар желдеткіштермен, бейнебақылау камераларымен және пандустармен жабдықталған. Жүру интервалы 6 минут. Ескі көліктерден әбден мезі болған жолаушылар - жаңа автобустардың өте ыңғайлы әрі жайлы екенін айтады.

Мамандар «жаңа автобустардың қолданысқа берілуі - жолаушы легін 7 мыңнан 9 жарым мыңға дейін еселеуге мүмкіндік береді», - дейді. Осыған дейін Алматыда 10 бағыт бойынша жолаушы тасымалдайтын автобустар жаңарған еді. Арасында облыстағы елді мекендерден қалаға қатынайтындары бар. Қала билігі көлікті реформалау аясында 388 жаңа автобус сатып алған болатын. Олардың 230-ы қазір жолда жүр. Қалғаны ақпан айында ел игілігіне берілмек.    

Новости партнеров