Нұрсұлтан Назарбаев Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады. Кездесу барысында Әділет министрі былтырғы жылдың қызметі туралы есеп беріп, алдағы жұмыс жоспарларын баяндады. Ведомство басшысының айтуынша, Парламенттің қарауына 18 заң жобасы енгізілген. Сондай-ақ биылғы екінші тоқсаннан бастап 28 заң жобасын ұсыну жоспарланған. Одан өзге, министр, заң шығару және үйлестіру жұмысы, ашық форматтағы заң шығару жұмыстары жөніндегі ведомствоаралық комиссия қызметі туралы айтты. Елбасы мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін оң бағалап, бірқатар нақты тапсырма берді.

«Заң жобалары жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысы жаңа форматқа ауысты. БАҚ өкілдері комиссия барысын онлайн режимде бақылай алады. Және отырыстың соңында барлық баяндаушылар журналистерге шығып, баяндама жасайды. Қысқа баяндама жасап, журналистерге жауап береді», - деді  ҚР Әділет министрі Марат БЕКЕТАЕВ.


Новости партнеров