Сот төрешілері қауымы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламаны талқылады

Сот төрешілері қауымы «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламаны талқылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы сот төрешілері қауымы арасында қызу талқыланып, қолдау тауып жатыр. Сот жүйесінің дамуына, оны жетілдіруге атсалысу - біздің парыз деген ұранды ұстанған қазылар Алматы қалалық сотында алқалы жиын өткізді. «Ұлттық сананы рухани жаңғырту» тақырыбы қозғалған отырыста әрбір сот процесінің өзіндік тәрбиелік мәні, азаматтардың құқықтық мәдениеті сөз болды. Конференцияда баяндамалар жасалып, ой-пікірлер ортаға салынды, сондай-ақ кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын оқысақ, оның әрбір сөзінде, сөйлемінде үлкен мағына бар. Ол тек судьялар қауымдастығы емес, барлық қазақстандақтарға, болашағымызға керек нәрсе деп ойлаймын. Бұл мақала халқымызға дер кезінде жолданған», - деді Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының төрағасы Серікбай ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ.


Новости партнеров