Алматыда қырағы полицейлер тағы 2 бірдей жезөкшелер ордасын талқандады. Тәртіп сақшылары Түрксіб ауданында орналасқан қонақ үй мен жеке пәтерден 8 жеңіл жүрісті қызды анықтапты. Олар желік қуған клиенттерге жасырын түрде қызмет көрсеткен.
Бұл орынды полицейлер былтыр анықтап, сот шешімімен олардың ісіне 3 жыл шектеу қойылған екен. Мейман үйі мен пәтер иелеріне қомақты көлемде айыппұл салынған сол кезде. Алайда, тән саудасын қыздырғандар бағзы әдеттерінен таймапты. Одан өзге, полицейлер қала көшелерінде тұрып, жезөкшелікпен айналысқан 39 қызды қолға түсірген. Ұсталғандардың барлығы аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Дерекке сүйенсек, өткен жылы Алматыда 126 жеңіл жүрістілердің орны анықталған екен. ¤
«Бұл пәтердің жұмысын сот шешімі бойынша тоқтатып отырмыз. Иесі 450 баптың 2-ші тармағы, яғни жезөкшелікпен айналысуға үйін бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- деді Сот орындаушысы, Рақым ОРЫМБАЕВ.