Полиция Денис Тенді нақты кім пышақтағанын айтты

Полиция Денис Тенді нақты кім пышақтағанын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенді күдікті Нұралы Қиясов пышақтаған. Ал, Арман Құдайбергенов болса қылмыс жасалған «суық қаруды» тауып берді деп жазады Қазақпарат Алматы қалалық ІІД-ге сілтеме жасап.

Қазір қалалық ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізіп жатыр. Күдіктілер Қиясов пен Құдайбергенов өз қылмыстарын толық мойындады.

«Күдікті Құдайбергенов Арман тексеру кезінде суық қару жасырынған жерді көрсетті. Пышақ қылмыстық іс материалдарына қосылды. Аталған іс бойынша бірқатар сараптама: молекулярлы-генетикалық, қарудың медициналық-криминалистикалық, медициналық-биологиялық сараптамасы, сот медициналық сараптама тағайындалды. Бетпе-бет кездесу барысында Қиясов Нұралы Денис Тенге пышақ салғанын мойындады. Сонымен қатар, аталған оқиғаны көзімен көрген адамдар да табылды», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған.

Новости партнеров