Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маза бермейтін делдалдар көбейген

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маза бермейтін делдалдар көбейген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілдері халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы бассыздықты жоюға екі апта уақыт берді. Бұған дейін орталық жұмысына 25 адам шағымданыпты. Тұтынушылардың жүргізуші куәлігін, көлік нөмірін алуда және темір тұлпарды тіркеу кезінде іске делдалдар араласатын көрінеді.

«Арнайы ЦОН-ға барсаң, делдалдар келіп маза бермейді екен. 10-15 мыңға өздерінің қызметтерін ұсынады. Бұл делдалдардың ұсынатын қызметі, әрине олар өздері жасамайды. Ол ЦОН-ның қызметкерлерімен бірлесіп жасалып жатқан нәрсе. Осындай заттарды бүгін қызметкерлерге түсіндіріп, мына сыбайлас жемқорлықта негізі мемлекеттің жүргізіп жатқан саясатын түсіндіріп, осындай мәселелерді талқылаймыз»,-деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айгүл БАЙХАНОВА .

Новости партнеров