Елімізде әлеуметтік қызметкерлердің Форумы өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде алғаш рет әлеуметтік қызметкерлердің форумы өтеді. 22 қыркүйекте өтетін алқалы жиын халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жұмыскерлердің рөлін күшейтуге бағытталған. 2018-2021 жылдарға арналған әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін одан әрі жаңғырту концепциясы әлеуметтік қызметкерлердің толықтай жұмысын, жалақысын, тіпті қосымша берілетін сыйақыларын да қарастырады.


«Бұл деңгейде үлкен интернат үйлерді кіші өзін-өзі жетілдіру үйлерге бөлу қарастырылып отыр. Бізде 680 орындық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар №1. Ол концепция 2018 жылы басталса да, біз оны күтпей биылдан бастап жүзеге асырып жатырмыз. 40 адам қазіргі уақытта кіші үйлерде өздері 20 адамнан болып қызмет көрсетіп жатыр», - деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан ОТЫНШИЕВ.


Сондай-ақ форум аясында «Ең үздік әлеуметтік жоба» байқауынан жеңімпаз атанғандар республикалық көрмеге қатысып, онда өз жұмыстарын жұртшылық назарына ұсынуға мүмкіндік алады. Байқаудың биылғы жүлдегерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы киім тігіп, көптің ішінен іріктеліп алынды. 


Новости партнеров