|
07.02.2017 | 09:36
1591

Үкімет басшысы министрлерге тапсырмалар жүктеді

Үкімет басшысы министрлерге тапсырмалар жүктеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Үкіметінің кеңейтілген отырысынан кейін, министрлерді Бақытжан Сағынтаев жинады. Премьер-министр мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыға немқұрайлы және қылмысты әрекетті жағдайларды тексеру үшін арнайы комиссия құруға тапсырма жүктеді.  Оны орындауға үкімет басшысы бір апта уақыт берді. Заң бұзушы жауапқа тартылады және шығынды толығымен өтейтіндігін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеген еді. Анық болғандай, комиссия құрамына президент әкімшілігінің өіклдері кіреді. Тексеру жұмысы білім және ғылым министрілігі мен денсаулық сақтау министрлігінен басталады.

«Президент бюджет қаржысын тиімді пайдалануға шақырды. Бюджет қаражатын үнемді пайдалану мәселесінде шығындарды сапалы және бірқалыпты жоспарлау қажет. Қаржы министрлігі мемлекеттік орган және әкімдікті қаржыландыру жоспарын бекітгенде қатаң позиция ұстану керек. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша қаржыны кем игергенде оны басқа мақсатқа қайта бөлу қажет»,- деді ҚР премьер-министрі, Бақытжан САҒЫНТАЕВ.





Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир