Өкілеттікті қайта құру реформасы ешбір мемлекет жүзеге асырмаған тың қадам. Ол еліміздегі саяси жүйені нығайтады. Үкімет пен Парламент құзырын арттырады. Осы арқылы қордаланған көп жайтты ентіктпей шешуге болады.
Біле жүріңіздер, Президенттің біраз пәрмені енді құзырлы орындардың еншісінде. Нақтырақ айтсақ, бұдан былай ел Үкіметі әлеуметтік-экономикалық процестерді реттейді. Министрлер мемлекеттік бағдарламаларды қабылдап, елге қажеттіні толық қамтиды. Одан бөлек, атқарушы билік органдарын қайта құруға ат салысады.
Ал, қос палаталы Парламент үкіметті қайта құруға құқылы. Олар енді министрлердің жұмысын именбей сынай алады. Сондай-ақ атқарушы билікке жөн сілтеуге пәрменді. Ол дегеніміз - аймақ әкімдерінің жұмысына өзгертулер енгізуге құқылары бар.
Мемлекет басшысы болса, Конституцияның қорғалуын қадағалайды. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сыртқы саясатты нығайтады. Бастысы - мемлекеттік басқаруға жауапты болады.