Алматының «Жас Қанат» ықшам ауданынан тағы да 826 пәтердің кілті табысталмақ

Алматының «Жас Қанат» ықшам ауданынан тағы да 826 пәтердің кілті табысталмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Баспаналы болатындардың қатары көбейеді. «Жас Қанат» ықшам ауданынан тағы да 826 пәтердің кілті биылдан қалмай табысталмақ. Ол үшін азаматтар қандай бағдарлама аясында байқауға қатыса алады?

29 жасар Әнел Еркінқызы «Жас қанат» ықшам ауданында бой көтерген көпқабатты тұрғын үйдегі 1 бөлмелі пәтерден үмітті. Осыдан 5 жыл бұрын кезекке тұрған ол, іске асып келе жатқан бағдарламалардың бірін қалдырмай қатысып келеді. Осы жолы айының оңынан туатындығына үлкен сеніммен қарайды.

«Жас қанат» бағдарламасын біліп, мамандардан кеңес алуға келдім. Кеңесті алдым, ендігі қадамым, үйге барып электронды түрде құжаттарымды жинап тапсыруға болады»,- деді Әнел БЕРІМҚҰЛОВА.

Әнел секілді үйге кезекте тұрғандар өз құжаттарын қараша айының 1-і мен 7-сі аралығында электронды түрде тапсыра алады. Ал техниканың тілін жетік түсінбейтіндер халыққа қызмет көрсету орталығындағы мамандардың көмегіне жүгінсе болады. Кейіннен сатып алу мүмкіндігі берілетін арендалық тұрғын үй «Нұрлы жер»  бағдарламасы аясында іске асырылмақ. Бастысы азаматтар  талапқа сай келсе ғана болғаны.

«Бұл бағдарламаға жергілкті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтар қатыса алады. Оның ішінде жетім балалар мен қамқоршылық алған балалар, халықтың әлеуметтік ағынан қорғалатын тобына жататын азаматтар. Яғни, толық емес отбасылар, көп балалы отбасылар, мүгедек бала асырап отырған отбасылар, 1-2 топтағы мүгедектер, оралмандар. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер, бюджетті қызметкерлер мен әскери қызметшілер»,- деді Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бас маманы, Алтынай ӘЛІМХАНОВА.

Айта кетейік, тұрғын үйдің бір шаршы метрін  жалға алу 786 теңгені құрайды. Бұл дегеніміз шамамен 20 жыл бойы 1 бөлмелі пәтердің ай сайынғы ақысы - 40 мың, 2 бөлмелі-50 мың, 3 бөлмелі-60 мың теңгеге жуық шығады. Естеріңізге сала кетейік, азаматтар бұған дейін арендалық тұрғын үйді 5 жылдан кейін ғана сатып алу мүмкіндігіне ие бола алатын. Алайда, қазір мұндай мороторий алынып тасталынды. Яғни, азаматтар пәтер ақысын толықтай төлеп, өз аттарына бірден аударуға құқылы.

Әйкерім Ердәулетқызы, Әрсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров