Елімізде азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу жеңілдетілді

Елімізде азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу жеңілдетілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу жеңілдетілді. Жаңа тәртіп бойынша тіркелу үшін тұрғындардан тек жеке куәлік пен мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек қажет. Бұрынғыдай баспанаға құқық белгілеуші құжаттар немесе жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама талап етілмейді. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеудің жаңа тетігі 1 қарашадан бастап іске қосылады. Тек қана Алматының өзінде осы қызмет түрі бойынша мамандар көмегіне күніне орташа есеппен 600-ден 1000 адамға дейін жүгінеді екен.

«Осы уақытқа дейін халыққа қызмет көрсету орталығына келіп анықтама алып, талон алып екінші қабатқа көтерілу керек болатын. Қазір барлығын тез арада жасай аласыз. Тек 5-15 минут уақытыңыз қажет. Тіркеуді қабылдап алатын көші-қон қызметінде база бар. Соған қарап, жылжымайтын мүліктің иесі кім екенін анықтайды»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы Алматы қаласы медеу ауданы «ХҚКО» департаменті бөлімінің жетекшісі, Сабина ТАУАН.


Новости партнеров