Халықаралық атом энергия агенттігі Қазақстанда ядролық отын банкін ашпақ. Онда аз байытылған уран сақталады. Ол қорлар Атом Электр Станцияларына отын жеткізілмей қалған кезде қолданылмақ. Аталмыш банкті тұрғызудың тағы бір ерекшелігі - әлемдік елдердің ядролық күштерді өздері өндіруге деген қызығушылықтарын жоғалту. Яғни, атомдық қару жасауды тоқтату. Бірінші аналогтық банк Ресейде ашылған. Екі сақтау қоры да ядролық отынға мұқтаж мемлекеттерге керек деп санайды мамандар. Алдын ала мәлімет бойынша Өскемендегі қорда 90 тонна уран сақталады.
«Банкте 30В санатындағы 60 цилиндр отын сақталады. Уранға айналдырғанда шамамен 90 тонна. Мұндай көлемді материал, қуаты мың мегаватт болатын ядролық реакторды жұмыс істетуге кететін отынды шығаруға септігін тигізеді»,- деді Ульбинский зауытының сауда директоры, Александр ХОДАНОВ.
Банкті қаржыландыруға донорлар қолғабыс еткен. Оның ішінде АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт және Норвегия елдерінің еріктілері бар. Американдық миллиардер Уоррен Баффет жобаға 50 миллион доллар аударыпты.
«Отынды дайындауға керек заттарды жеткізуге алты ай уақыт кетеді деп ойлаймын. Негізі ондай жұмыстар алдын ала жоспарланады. Халықаралық атом энергия агенттігі керек жарақтарды, оны жеткізу жұмыстарын өз мойнына алады. Қазақстанның қаражаты, оны сақтауға және банкке қызмет көрсетуге ғана кетеді. Қазазқстан уран өндіретін ірі мемлекет болғаннан кейін банкті осында салу шешілді»,- деді Ульбинский зауытының сауда директоры, Александр ХОДАНОВ.